Сандықтау ауданы әкімінің Металлург күнімен құттықтауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті металлургия саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлург күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Металлургия – Еліміздің экономикасының негізгі салаларының бірі. Бұл саладағы әрбір жетістіктің артында күнделікті адал еңбегімен, жоғары жауапкершілігімен және кәсіби біліктілігімен өнеркәсіптің дамуына, әрі Қазақстанның экономикалық әлеуетінің нығаюына зор үлес қосып жүрген азаматтардың қажырлы еңбегі тұр.
Осы айтулы мереке күні өмірін жауапты да абыройлы металлург мамандығына арнаған баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Саланың ардагерлеріне ерекше алғысымды айтамын. Сіздердің мол тәжірибелеріңіз бен мамандыққа деген адалдықтарыңыз жас буын үшін әрдайым өнеге болып қала береді.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бейбіт өмір, тұрақтылық, жаңа кәсіби жетістіктер және жарқын болашаққа сенім тілеймін. Еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, әр шаңыраққа бақ-береке, молшылық пен жылулық орнасын!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1260482?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version