Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ербол Манақбаев «Qazaq Kalium Ltd» компаниясының өкілдерімен кездесті . Кездесуде калий тұздары кен орнын игеру барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселесі талқыланды.
Тараптар заманауи технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтіп, апаттық жағдайлардың алдын алуға баса назар аударды. Осы орайда кенішке онлайн-бейнебақылау, атмосфера мен тау-кен қазбаларының жай-күйін мониторингтеу, сондай-ақ жерасты қызметкерлерінің орналасқан орнын анықтайтын жүйелерді орнату қажеттілігі ұсынылды.
Келіссөз қорытындысы бойынша компанияға аталған цифрлық құралдарды кәсіпорынды іске қосу қарсаңындағы даму жоспарына енгізу тапсырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1260804?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау