КЕНТТЕ ТҮНГІ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ: ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТЫНЫШТЫҚ – БАСТЫ НАЗАРДА!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Ақжал кентінің тұрғындары мен қонақтары!

​Кент аумағында қоғамдық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында Ақжал кенті әкімдігінің қызметкері мен учаскелік полиция инспекторы бірлесіп түнгі рейд шараларын өткізді.
​Рейд барысында кент тұрғындарына, әсіресе ата-аналар мен жасөспірімдерге келесі маңызды талаптар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатаң ескертулер берілді:

​Түнгі уақыттағы шектеу: Заң бойынша 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта (сағат 23:00-ден кейін, ал ойын-сауық орындарында 22:00-ден кейін) заңды өкілдерінсіз (ата-анасынсыз) көшеде және қоғамдық орындарда жүруіне тыйым салынады.

​Тыныштық сақтау: Түнгі уақытта (жұмыс күндері сағат 22:00-ден таңғы 09:00-ге дейін, демалыс күндері 23:00-ден 10:00-ге дейін) тұрғындардың мазасын алып, тыныштықты бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Мотоцикл және мопед тізгіндеушілердің назарына: Кент ішінде тиісті жүргізуші куәлігінсіз (правасыз) мотоцикл, скутер немесе мопед айдауға, жол жүру ережелерін бұзып, тұрғындардың мазасын алуға мүлдем жол берілмейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akzhal/press/news/details/1260805?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version