Кездесу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⚜️2026 жылғы 16 шілдеде Атырау облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы М.А. Музатова Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметкерлерімен Конституцияға енгізілген жаңашылдықтарды түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.
✅Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бағыттары жан-жақты түсіндіріліп, олардың құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтудағы, заң үстемдігін қамтамасыз етудегі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы, сондай-ақ Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және құқықтық реформаларды іске асырудағы маңызы кеңінен айтылды.
Сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, Конституциялық Соттың рөлін күшейту, адам құқықтарын қорғау институтын дамыту, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында қатысушылар конституциялық өзгерістерді іске асырудың практикалық мәселелерін талқылап, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын одан әрі арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1260667?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version