Іс-шара барысында Жаңасемей ауданының төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп, жастар арасында су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау бағытында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында судағы қауіпсіздік ережелері, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары және жазғы кезеңде қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, жастардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және спорттық белсенділікті арттыру мәселелері де қозғалды.
Бүгінде Жаңасемей ауданында 4 732 жас тұрады. Мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыру аясында аудан бойынша NEET санатындағы жастардың үлесі тұрақты түрде төмендеуде. Жыл басындағы 67 адамнан қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 48 адамға дейін азайып, аудан жастарының жалпы санының 1,01%-ын құрады. Бұл жастарды жұмыспен қамту, кәсіптік бағдар беру, әлеуметтік қолдау көрсету және қоғамдық белсенділікке тарту бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстардың тиімділігін көрсетеді.
Аталған іс-шаралар жастардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, олардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға және мемлекеттік жастар саясатын өңірлік деңгейде тиімді жүзеге асыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1260674?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау