Маңғыстауда сұйытылған мұнай газ тапшылығын жою жұмыстары жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстауда сұйытылған мұнай газ тапшылығын жою жұмыстары жүргізілуде

Маңғыстау өңірінде сұйытылған мұнай газының айналымын реттеу және қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Пікір Сансызбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Маңғыстау – ел бойынша сұйытылған мұнай газын ең көп тұтынатынушысы.

-Облыс аумағында барлығы 185 487 автокөлік тіркелген. Оның ішінде 103 918 (56%) автокөлік газбен жабдықталған. Қосымша соңғы үш жылда шет елінен транзиттік нөмірмен 22 354 автокөлік әкелінген, олардың басым бөлігі сұйытылған мұнай газын тұтынады. Ай сайын облысқа Жаңаөзен қаласындағы «Қазақ газ өңдеу» зауытынан және Атырау облысындағы «Атырау мұнай өңдеу зауытынан» 18000 тонна негізгі және 1000-2000 тонна аралығында қосымша көлем жеткізіледі. Алайда ағымдағы жылдың 25 маусым мен 15 шілде аралығында «Атырау мұнай өңдеу зауытында» жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты қосымша бөлінетін 1000 тонна көлемінде сұйытылған мұнай газы Ақтөбеде орналасқан «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» зауытынан бөлінді. Қазіргі таңда Ақтөбедегі зауыттан бөлінген 1 000 тоннаның 438 тоннасы облысқа жеткізілді, қалған 556 тоннасы жолда. Осы тұста Ақтөбеден сұйытылған газ теміржолмен тасымалданатындықтан логистикалық қиындықтар туындайтынын ескеру қажет. Сонымен қатар, Атырау мұнай өңдеу зауыты 2026 жылғы 20 шілдеден бастап толық
өндірістік режимге өтті. Осыған орай ҚР Энергетика министрлігі тарапынан шілде айына Атырау мұнай өңдеу зауытынан қосымша көлем бөлінді. Атыраудан негізгі және қосымша көлемдерді ескергенде 2000 тн. смг келіп бастайды. Сонымен қатар, аудан әкімдіктері тарапынан күн сайын екі мезгіл мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Мониторинг барысында жұмыс уақытынан ерте жабылған, кеш ашылған немесе автогазды тек талон арқылы сатуды жүзеге асырып отырған автогаз құю станциялары анықталса заң аясында шаралар қабылданатын болады.- деп атап өтті Пікір Сансызбаев.

Спикер логистикалық бағыттың өзгеруі өнімнің кешігіп жетуіне және кейбір автогаз құю станцияларында кезектің пайда болуына әсер еткенін айтады.

Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқарма басшысы Пікір Сансызбаевтың айтуынша, Маңғыстауда жаз маусымы басталысымен сұйытылған мұнай газын тұтыну көлемі 15-20%-ға дейін ұлғаяды.

-Өлкеміз туристік аймақ болғандықтан жаз маусымы басталысымен көлік қозғалысы артып, сұйытылған газға сұраныс ұлғаяды. Бүгінде облыста газ құю бекеттерінде көлік кезегін жою мақсатында тиісті министрлікпен, зауыттармен бірлесіп жұмыстар жүргізіп жатырмыз. 19 шілдедегі жағдай бойынша кешкі сағат 16:00 мен 18:00-дің арасында жүргізілген мониторинг нәтижесінде 102 автогаз құю бекеттері жасап тұр, олардың 68 автогаз құю бекеттерінде көлік кезегі бар – деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ брифингте Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Бекнұр Бәлиұлы сұйытылған мұнай газының тапшылығы газ бағасын көтеруге себеп болады деген дәйексіз ақпаратқа сенбеуді сұрады.

-Маңғыстау облысында газдың бекітілген бағасы – 72 теңге. Бұл Қазақстан Республикасы бойынша ең төменгі баға. Қазіргі таңда өңірдегі жағдай тұрақты. Сұйытылған мұнай газының бағасын көтеру мәселесі күн тәртібінде жоқ, – деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ брифингте Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Саламат Ильджанов пен Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Серікқали Қанапин аудандарда газ тапшылығы жою және жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.
Одан бөлек Жаңаөзен қаласы, Қарақия, Бейнеу, Маңғыстау аудандарында жағдай жіті бақылауда және біркелкі үлгіде жұмыстар жүргізілуде.

Жауапты тұлғалардың мәліметінше, жуық арада сұйытылған мұнай газының жеткізілімі толық қалыпқа келтіріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/1260820?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version