«Өнер керуені – Алға төрінде» атты мерекелік концерт Алға қаласының тұрғындарына ерекше көңіл күй сыйлады.
Кеш барысында Геолог мәдениет үйінің өнерпаздары туған жерге деген сүйіспеншілікті жырлаған әндер мен жүрекке жеткен шығармаларды орындап, ұлттық би мен жыр өнерін паш етті. Әрбір қойылым көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, мерекелік кештің ажарын аша түсті.
Өнер мен бірлікті ұлықтаған бұл кеш Алға жұртшылығының жадында жарқын естелік болып қалары сөзсіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-tamdy/press/news/details/1260278?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау