Металлургтер күні: 10 мыңға жуық көрерменнің қауіпсіздігін полиция қамтамасыз етті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кеше Жезқазған қаласында Металлургтер күні мерекесі кең көлемде аталып өтті. Орталық алаңда өткен мерекелік концертке 10 мыңға жуық қала тұрғындары мен қонақтары жиналды.

Іс-шараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлытау облысы полиция департаментінің жеке құрамы толықтай жұмылдырылды. Қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күшейтілген қызмет ұйымдастырылды.

Мереке барысында халық көп шоғырланған орында 35 бала уақытша ата-анасынан адасып қалды. Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында олардың барлығы қысқа уақыт ішінде табылып, ата-аналарына аман-есен табысталды. Осы мақсатта тәртіп сақшылары концерт жүргізушілерімен тұрақты байланыс орнатып, табылған балалар туралы жедел хабарлап отырды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде мерекелік іс-шара барысында қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1260229?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version