Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы «Промгаз» ЖШС-нің қысыммен жұмыс істейтін ыдысын пайдалануға беру алдында жүргізілген техникалық куәландыру жұмысына қатысты. Техникалық куәландыру мамандандырылған ұйымның мамандарымен бірлесіп өткізілді. Іс-шара барысында көлемі 4,5 м³ болатын жерасты резервуарына пневматикалық сынақ жүргізілді.
Тексеру қорытындысы бойынша қысыммен жұмыс істейтін ыдыстың барлық белгіленген сынақтардан сәтті өткені және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келетіні анықталды. Қауіпті техникалық құрылғыны одан әрі қауіпсіз пайдалануға жарамды деп танылып, белгіленген тәртіппен пайдалануға беруге рұқсат етілді.
Мұндай техникалық куәландыру жұмыстары өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі болып саналады. Қауіпті техникалық құрылғылардың сенімділігі мен жарамдылығын растап, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін айқындауға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1260813?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау