2028 жылғы ТМД жастар астанасы – Қарағанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды – 2028 жылғы ТМД-ның Жастар астанасы!

Бұл – Қарағанды өңірінің тарихындағы айтулы жетістіктердің бірі. Енді біздің қала ТМД кеңістігіндегі жастар саясатының басты алаңына айналып, халықаралық деңгейдегі маңызды бастамалар мен ауқымды жобаларды жүзеге асыратын орталық болады. Бұл мәртебе – өңірдің әлеуетіне, белсенді жастарына және жарқын болашағына берілген жоғары баға.

Бұған дейін Жастар астанасы эстафетасы ТМД елдерінің ең белсенді қалалары арқылы жалғасып келеді.

🇺🇿 2024 жылы эстафетаны Өзбекстанның заманауи келбеті мен қарқынды дамуының символына айналған Ташкент қаласы бастады.
🇦🇿 2025 жылы бұл мәртебені табиғаты, мәдениеті және қонақжайлығымен ерекшеленетін Әзербайжанның Габала қаласы қабылдады.
🇦🇲 2026 жылы жастар эстафетасы Арменияның қарқынды дамып келе жатқан Қапан қаласына табысталды.
🇧🇾 2027 жылы ТМД жастарын Беларусь Республикасының астанасы – Минск қаласы қарсы алады.
🇰🇿2028 жылы бұл мәртебелі эстафета Қазақстанға жол тартып, Қарағанды қаласына табысталады.

Бұл – тек бір жылдық атақ емес. Бұл – Қарағандының халықаралық жастар кеңістігіндегі жаңа орны, жаңа мүмкіндіктері және жаңа жауапкершілігі.

2028 жылы жастардың назары – Қарағандыда!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-zhastar/press/news/details/1260998?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version