Металлургтер күні құтты болсын!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті металлургтер!
Қадірлі сала ардагерлері!

Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз – Металлургтер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Металлургия – еліміздің индустриялық қуаты мен экономикалық дамуының негізгі тіректерінің бірі. Шежірелі Шет ауданындағы кен өндіру және металлургия кәсіпорындарының табысты жұмысы өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне тың серпін беріп келеді. Бұл – өз ісіне адал, кәсібіне жауапкершілікпен қарайтын металлургтердің тынымсыз еңбегі мен жоғары біліктілігінің жемісі.
Металлург мамандығы – қайсарлықты, төзімділік пен кәсіби шеберлікті талап ететін мәртебелі мамандық. Сала ардагерлерінің мол тәжірибесі мен жас буынның жігерлі еңбегі еліміздің өндірістік әлеуетін одан әрі нығайтып, өңіріміздің дамуына қызмет ете беретініне кәміл сенемін.
Осы айтулы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыңызға амандық, бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілеймін!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1261000?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version