Аппараттық кеңесте ауданның бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша даму мәселелері талқыланды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 20 шілдеде аудан әкімі Қ.К. Сатиевтің төрағалығымен ауылдық округ әкімдерімен, мемлекеттік мекемелер мен аудан ұйымдары басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өтті.

Кеңес барысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы аудан бюджетінің атқарылу барысы мен әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, Өңірлік жұмыспен қамту картасының жүзеге асырылуы, сондай-ақ өрт қаупі жоғары кезеңнің өтуі және табиғи өрттердің алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша аудан әкімі қойылған міндеттердің уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар аппараттық кеңес барысында аудан әкімі аппаратының жаңадан тағайындалған басшысы Н.А. Ашимов және жаңадан сайланған Көктүбек пен Қаратерек ауылдық округтерінің әкімдері – С.Б. Отаров пен М.З. Шыбынаев таныстырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-maysk/press/news/details/1261162?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version