Ұлытау облысы дін істері басқармасының басшысы Дулат Тулегенов өңірдегі діни бірлестіктерге арнайы барып, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының даналарын табыстады. Кездесулер барысында жаңа Конституцияның еліміздің қоғамдық-саяси дамуындағы маңызы, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамдық келісім мен конфессияаралық татулықты нығайтудағы рөлі атап өтілді. 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 1 шілдеден бастап күшіне енді. Діни бірлестіктердің өкілдері өңірдегі тұрақтылықты, өзара құрмет пен ынтымақтастықты сақтауға бағытталған бастаманың маңыздылығын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-din/press/news/details/1261161?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау