«Ауладағы қабылдау» республикалық акциясы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 20–26 шілде аралығында республика көлемінде «Ауладағы қабылдау» акциясы өтуде. Акция аясында полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдардың, барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың, сондай-ақ пәтер иелері бірлестіктерінің өкілдерімен бірлесіп, тұрғындармен олардың аулаларында кездесулер өткізеді. 🔹 Акцияның негізгі мақсаты: • азаматтарға құқықтық және тұрмыстық мәселелер бойынша кеңес беру; • қиын жағдайға тап болған тұрғындарға қолдау көрсету; • тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдау; • халық пен полиция арасындағы өзара сенім мен ашық байланысты нығайту. 📍 Құрметті тұрғындар! Өз аулаңызда өтетін кездесуге қатысып, өзіңізді толғандырған сұрақтарды қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді білдіруге шақырамыз. Халыққа жақын полиция – қауіпсіз қоғамның кепілі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1260898?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version