ХАБАРЛАМА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Қаражал қалалық мәслихаты төрағасының

Ш Е Ш І М І

 

Қаражал қаласы                                    № 5                        2026 жылғы 21 шілде

 

 

Қалалық мәслихаттың

кезектен тыс XLVІ сессиясын

шақыру туралы

 

        Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес:

  1. VIII шақырылған Қаражал қалалық мәслихатының кезектен тыс XLVІ сессиясы 2026 жылдың 23 шілдесінде сағат 11.00-де Қаражал қалалық әкімдігінің мәжіліс залында шақырылсын.
  2. Мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткiзiлетiн орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкiмге – сессияға кемiнде үш күн қалғанда хабарлансын.

Сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер бойынша қажеттi материалдарды депутаттарға және әкiмге – сессияға кемiнде үш күн қалғанда табыс етілсін.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қалалық мәслихаттың төрағасы                                                    З.Оспанова                              

 

 

Х А Б А Р Л А М А

 

         Қаражал қалалық мәслихатының кезектен тыс XLVІ сессиясы 2026 жылдың 23 шілдесінде сағат 11.00-де  Қаражал қалалық әкімдігінің мәжіліс залында шақырылады.

Сессия  қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  1. Қаражал қалалық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №332 «2026 – 2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Қаражал қалалық мәслихатының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы №350 «2026 – 2028 жылдарға арналған Жәйрем және Шалғы кенттерінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Басқа да мәселелер.

Қалалық мәслихаттың төрағасы                                                                     З.Оспанова

 

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karazhal/press/news/details/1261035?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version