ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІ РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАП КЕЛЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Мемлекет басшысының аграрлық саланы әртараптандыру, инвестиция тарту, қайта өңдеуді дамыту және экспорттық әлеуетті арттыру жөніндегі тапсырмалары өңірде жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
2026 жылдың қаңтар–маусым айларының қорытындысы бойынша облыста 325,3 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 110,7% құрады. Республикада 1-орынға шықты.
Агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция тарту қарқыны да жоғары деңгейде сақталуда. Есепті кезеңде салаға 153,2 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда
1,5 есеге артты.
Өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы да қарқынды дамуда. 6 айда тамақ өнімдерінің өндіріс көлемі 96,6 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 126,2% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде барлық негізгі бағыттар бойынша өсім қамтамасыз етілді. Атап айтқанда:
• ет өнімдерін өңдеу – 172,1 %;
• өсімдік майы және май өнімдерін өндіру – 136,7 %;
• сусындар өндіру – 139,6 %;
• ұн-жарма өнімдері – 121,4 %;
• балық өнімдері – 121,4 %;
• жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу – 108,5 %.
Экспорт бағытында да оң динамика қалыптасты. Жыл басынан бері облыстан 904,5 мың тн ауыл шаруашылығы және қайта өңделген өнім экспортталып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көлемі 2 есеге ұлғайды.
Экспорт құрылымында:
• өсімдік шаруашылығы өнімдері – 642,4 мың тн;
• мал шаруашылығы өнімдері – 25,8 мың тн;
• қайта өңделген өнімдер – 236,3 мың тн құрады.
Ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру мақсатында биыл егіс алқаптарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 8 мың гектарға ұлғайып, жалпы 919 мың гектарға орналастырылды. Егіс құрылымына сәйкес, дәнді дақылдар 326 мың гектарға, майлы дақылдар 87 мың гектарға, көкөніс 42 мың гектарға, бақша 62 мың гектарға,
картоп 12 мың гектарға, мал азықтық дақылдар 228 мың гектарға және мақта 162 мың гектарға егілді.
21 шілде жағдайына 242 мың тн масақты дақыл, 583 мың тн көкөніс, 750 мың тн бақша, 207 мың тн картоп, 3,2 млн. тн мал азығы дақылдары жиналды.
Өңірде су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Биыл қосымша 50 мың гектарға су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарланған. Нәтижесінде жалпы алқап көлемі 164 мың гектарға жетіп, жыл сайын 280 млн текше метр ағын суды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда су үнемдеу технологиялары 37 мың гектарға енгізіліп, жоспардың 74 пайызы орындалды.
Түркістан облысы мал шаруашылығы бойынша да республикадағы жетекші өңірлердің бірі болып табылады.
Бүгінде республикадағы:
• ірі қара малдың 13% немесе 1 млн 238,6 мың басы;
• қой-ешкінің 20% немесе 5 млн 211,6 мың басы;
• жылқының 10% немесе 549 мың басы;
• түйенің 14%немесе 46,1 мың басы облыстың үлесінде.
6 айдың қорытындысында облыста 116,3 мың тн ет, 271,8 мың тн сүт және 170,8 млн. дана жұмыртқа өндірілді.
Мал шаруашылығының тұрақты дамуы экспорт көлемінің артуына да тікелей ықпал етуде. Қазіргі таңда республикадан экспортталатын ірі қара мал етінің 80% және қой етінің 75% облыс үлесіне тиесілі.
Есепті кезеңде шетел нарығына 10,3 мың тонна сиыр еті мен 14,4 мың тонна қой еті экспортталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-auyal-zharuazhalyk/press/news/details/1261036?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version