2026 жылғы 22 шілдеде аудан мәслихатының кезектен тыс 44-ші сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі М.Т.Мұхамедияров, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Мәслихат депутаттары келесі мәселелерді қарастырды:
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 36/534 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Алматы ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 37/541 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 37/551 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sko-esil/press/news/details/1261766?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау