Жамбыл облысы ТЖД-де 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы қорытындыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінде 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жедел кеңес өткізілді. Кеңеске Департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі Арман Токанов төрағалық етті. Кеңеске аудандық және қалалық төтенше жағдайлар бөлімдерінің басшылары бейнеконференция байланысы арқылы қатысты.

Жиналыста 2026 жылдың алғашқы алты айында атқарылған қызметтің нәтижелері жан-жақты талданып, төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, профилактикалық іс-шараларды күшейту, азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру, сондай-ақ жедел-қызметтік жұмыстың негізгі көрсеткіштері қаралды.

Жиын қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалып, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Арман Құмарұлы жеке құрамның алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1261772?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version