ХХХХХІХ кезектен тыс сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Бүгін, яғни 2026 жылдың 22-шілде күні тоғызыншы шақырылған Шу аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXXХХІХ сессиясы «ӘDILET» саяси партиясы Шу аудандық филиалының мәжіліс залында өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Н.Абдрашев, Шу қаласының әкімі Е.Нуралиев қатысты.
Кезектен тыс сессияны мәслихат төрағасы Ж.Әбенов жүргізіп отырды. Сессияның қарауына 2 мәселе қойылды.

      Күн тәртібінде бірінші қаралған мәселе – Шу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 сәуірдегі №20-4 «Шу ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Бұл мәселе бойынша аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Керімбаева хабарлама жасады.

      Екінші қаралған мәселе – «Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Шу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 ақпандағы № 35-6 шешімінің күші жойылды деп тану туралы. Бұл мәселе бойынша Шу аудандық мәслихат аппаратының басшысы С.Сасықбаев хабарлама жасады.  
     Қаралған мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешім қабылдады.
        Осымен IX шақырылған Шу аудандық мәслихаттың XXXХХІХ кезектен тыс сессиясы өз жұмысын аяқтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shu/press/news/details/1261819?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version