Мемлекеттік қолдау Ақтөбе облысындағы ірі инвестициялық жобаның жүзеге асуына серпін берді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

2026 жылдың басынан бері өңір экономикасын дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Биыл пайдалануға берілген ең маңызды нысандардың бірі – заманауи Dalida Plaza сауда-ойын-сауық орталығы.

Жоба инвестициялық белсенділікті ынталандыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары аясында жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі тарапынан 3 млрд теңге көлемінде субсидия бөлініп, бұл өңірдегі ең ірі коммерциялық жобалардың бірінің табысты іске асуына мүмкіндік берді.

Алтын Орда ықшам ауданында орналасқан, жалпы аумағы 36 мың шаршы метрді құрайтын сауда-ойын-сауық орталығы облыс тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа сауда және демалыс кеңістігіне айналды. Мұнда халықаралық және отандық брендтердің дүкендері, заманауи кинотеатр, отбасылық ойын-сауық саябағы, мейрамханалар, дәмханалар және түрлі қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді.

Орталықтың ашылуы нәтижесінде 300 жаңа жұмыс орны құрылып, шағын және орта бизнестің дамуына қосымша мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар сауда және қызмет көрсету инфрақұрылымының сапасы артып, Ақтөбе облысының инвестициялық тартымдылығы нығая түсті.

Осындай ауқымды инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етіп, тұрғындар үшін жайлы әрі заманауи қалалық ортаны қалыптастыруға ықпал етуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1262063?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version