Қожабақы ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов пен ел ағалары Қазалы ауданы Қожабақы ауылындағы жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу рәсіміне қатысты.
Салтанатты шарада аймақ басшысы тұрғындарды құттықтап, елді мекендерде кәсіби және бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын атап өтті.
«Баршаңызды спорт кешенінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ауыл – біздің алтын бесігіміз. Ауылдағы тіршілік сапасын жақсартпай, жалпыұлттық дамуды елестету мүмкін емес» деген болатын.
Бүгін Өздеріңізбен бірге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Қожабақы ауылында салынған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашуға жиналдық. Бір күнде 100 адамды қабылдауға қауқарлы заманауи кешенде бокс, грек-рим күресі, волейбол, футбол және баскетбол сынды спорт түрлерімен айналысуға болады. Бұл ауыл жастарының бұқаралық спортпен тұрақты шұғылдануына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге жол ашады деп сенемін.
Алдағы уақытта да халқымыздың игілігіне, тұрғындарымыздың жайлы тұрмыс-тіршілігіне, жастарымыздың жарқын болашағына бағытталған жаңа жобаларымыз жалғаса береді», – деді облыс әкімі.
Шарада еңбек ардагері Тілек Махамаш сөз сөйлеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар және спорт кешенін сапалы етіп салған мердігер мекеме өкілдері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен 2022 жылдан бері өңірде 200-ден астам әлеуметтік нысан бой көтерді. Оның 27-сі – спорт кешені, бүгінде ел игілігіне айналды. Бұдан бөлек, Қызылорда қаласында 11 мың орындық «Қайсар Арена» стадионы, «Теннис орталығы» , Инклюзивті спорт кешені пайдалануға берілді.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен Шиелі, Жалағаш аудандарында жаңа спорт кешендері ашылды.
Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 80 спорт-ойын алаңы салынды.
Бүгінде облыс орталығында «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің, «Қайсар» футбол клубы академиясының құрылысы қарқын алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly/press/news/details/1262062?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version