Көпшілік қылмыс ашылғаннан кейін полицияның жұмысы аяқталады деп ойлайды. Алайда бұл олай емес. Тергеу органдарының негізгі міндеттерінің бірі – кінәлі тұлғаны анықтап қана қоймай, осындай құқық бұзушылықтардың қайта орын алмауына жол бермеу.
Тергеу барысында полиция қызметкерлері қылмыстың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтайды. Атап айтқанда, бейнебақылау жүйесінің болмауы, қауіпсіздікті ұйымдастырудағы кемшіліктер, заң талаптарының бұзылуы немесе жауапты тұлғалардың бақылауының жеткіліксіздігі.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабына сәйкес мемлекеттік органдарға, кәсіпорындар мен ұйымдарға анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынулар енгізіледі.
Есепті кезеңнің басынан бері Жетісу облысы Полиция департаментінің тергеу органдары 1 496 ұсыну енгізді. Оның 1 127-сі қаралып, нәтижесінде 50 жағдайда қылмыстың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайлар жойылды. Сондай-ақ 85 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, тағы 18 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ұсыну – жай ғана процессуалдық құжат емес. Бұл қылмыстың себептері мен оған ықпал еткен жағдайларды жоюға, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік беретін тиімді профилактикалық құрал.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1262145?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау