ШАРДАРА ҚАЛАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП БОЙЫНША РЕЙД ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін, 2026 жылғы 15 шілде күні, Шардара қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында кезекті рейдтік іс-шара өткізілді.
Іс-шараға Шардара қаласы әкімдігі аппаратының қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары және мобильді топ мүшелері қатысты.
Рейд барысында белгіленбеген орындарға қоқыс тастаған 3 тұлғаға ескерту беріліп, 3 тұлғаға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Сонымен қатар тұрғындарға өз үйлерінің іргелес аумақтарын таза ұстау, қоғамдық орындарда тазалық сақтау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Таза қала – әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Баршаңызды қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және заң талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1262144?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version