Қалай болғанда да сату?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері қыздың жаяу жүргіншілер өткелінде тұрып киімнің жарнамалық бейнеролигін түсіріп жатқан видеосын анықтады.
– Анықталғандай, 19 шілде күні Павлодар қаласындағы Қайырбаев көшесінде бойжеткен жаяу жүргіншілер өткелінде киімнің жарнамалық бейнеролигін түсіріп, кейін оны Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына жариялаған. Құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушыларының Жол қозғалысы қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД.
Полиция еске салады: жолдың жүру бөлігінде және жаяу жүргіншілер өткелінде бейнеролик түсіру түсірілімге қатысушының өз өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ жол қозғалысының басқа қатысушыларына нақты қауіп төндіруі мүмкін. Жаяу жүргіншілер өткелі – жарнамалық түсірілім жүргізетін орын емес. Жол қозғалысы қағидаларының кез келген бұзылуы заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1261937?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version