2026 жылғы 22 шілдеде Жітіқара ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында М.К. Ерекеновтың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Отырыста Қоғамдық кеңес мүшелері келесі мәселелерді қарады:
Жітіқара ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі және 2026 жылға арналған жоспарлары.
2025 жылы қолайсыз отбасылардан шыққан балалармен жүргізілген жұмыстар туралы.
Әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын, оның мөлшерлерін белгілеуді және әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін бекіту туралы.
Қоғамдық кеңестің жұмысына Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Жітіқара ауданы әкімдігінің «Жітіқаракоммунэнерго» МКК және «Соцсервис» ЖШС өкілдері, ПИК (11-шағын аудан) және МИБ (7-шағын аудан) төрағалары қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhitikara/press/news/details/1262180?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау