Құрметті мүгедектігі бар адамдар!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 24 шілде күні сағат 15.00-де Қостанай қ., Юбилейный ш/а., 56 мекенжайындағы Жастар сарайында «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында өткізілетін мүгедектігі бар адамдарға арналған облыстық әлеуметтік-құқықтық акция өтеді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және еңбекке интеграциялануына жәрдемдесу, жұмыспен қамтуға, кәсіби оқытуға және қайта оқытуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуын нығайту.

Акцияға прокуратура органдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, уәкілетті мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, жұмыс берушілер, оқу орталықтары, еріктілер қатысады.

Іс-шараға қатысуға және қызықтыратын мәселелер бойынша консультация алуға шақырамыз.

Жұмысқа орналасу мәселелері бойынша жеке куәлік, ЭЦҚ кілтін өзіңізбен бірге алып келу қажет.  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhumys-aleumettik-korgau/press/news/details/1262179?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version