2026 жылғы 22 шілде күні сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма төртінші сессиясы өтті.
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма төртінші сессиясының жұмысына облыс әкімі Н.Көшеров, облыс әкімдігінің мүшелері, басқарма басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне енгізілген «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №20/268-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жаппар Күмісбек Еркінбекұлы баяндама жасады.
Аталған мәселе бойынша облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Тұрысбеков Мағауия Сексенбайұлы комиссия қорытындысымен таныстырып, депутаттар тиісті шешім қабылдады.
Өз кезегінде, облыс әкімі Н.Көшеров сессия жұмысын қорытындылап, мәслихат жұмысына табыс тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan/press/news/details/1262166?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау