Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, мемлекеттік еңбек инспекторы Б. Кемалов «МаңғыстауЭнергоМұнай» ЖШС қызметкерлерімен еңбек заңнамасындағы өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бағыттары, оларды қолдану тәртібі, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ еңбек қатынастарын құқықтық реттеу мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, еңбек құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету және еңбек қатынастары барысында туындайтын даулы мәселелердің алдын алу бойынша түсіндірмелер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1262831?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау