ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚТЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Шымкент қаласында тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шаралар жүйелі жүзеге асырылып келеді. «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларының нәтижесінде тағы 30 отбасы пәтерлі болды.

 Жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттерін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков табыстады. Жаңа үйлер Бозарық шағынауданында орналасқан.

 Бағдарламаға қатысушылардың қатарында мүгедектігі бар азаматтар, көп балалы отбасылар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар және бюджет саласының қызметкерлері бар.

 Айта кету керек, тұрғын үй саясатын кезең-кезеңімен жүзеге асыру халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және баспана жағдайын жақсартуға мұқтаж азаматтарға атаулы қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1262832?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version