Талдықорғанда жасыл желектерді суару және күтіп-баптау жұмыстары тұрақты жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талдықорғанда жасыл желектерді суару және күтіп-баптау жұмыстары тұрақты жүргізілуде

Талдықорған қаласында 124 гектардан астам жасыл аймақ бар. Оның 42-сі сквер, 6-ы саябақ, сондай-ақ жол жиектеріне отырғызылған ағаштар мен гүлзарлар кіреді.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, қаланың жасыл қорын күтіп-баптау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Саябақтар мен скверлер кезең-кезеңімен автоматтандырылған суару жүйесіне қосылып жатыр. Ал мұндай жүйе қарастырылмаған аумақтардағы ағаштар мен гүлдер арнайы техникалардың көмегімен күніне екі рет таңертең және түнгі уақытта суарылады.

Сонымен қатар көктемгі және күзгі маусымдарда отырғызылған көшеттердің жерсініп, қалыпты өсуіне ерекше көңіл бөлінуде. Соңғы үш жылда егілген жапырақты және қылқан жапырақты ағаштардың басым бөлігі жерсініп, бүгінде жайқалып өсіп келеді.

Айта кетейік, биыл қала аумағына 13 мың түп ағаш көшетін отырғызу жоспарланған. Оның 2 мыңнан астамы көктем мезгілінде егілсе, қалған көшеттер күзде отырғызылады.

Бұдан бөлек, биыл Талдықорғанда 212 мыңнан астам гүл көшеті егілді. Оның 165 мыңы саябақтар мен скверлерге, ал 47 мыңы жол жиектеріне отырғызылды.

Қаланың жасыл желектерін сақтау, суару және күтіп-баптау жұмыстары тұрақты бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1262833?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version