Аудан әкімі Р.Ә. Аңбаев бейнеконференцбайланыс режимінде «Алпаш» ШЖҚ КМК көрсететін жылу энергиясын беру, тарату және өткізу бойынша реттелетін қызметке арналған тариф жобасы мен тарифтік сметаны талқылау жөніндегі қоғамдық тыңдауға қатысты.
Қоғамдық тыңдауды Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті ұйымдастырды. Іс-шара барысында тариф жобасы мен тарифтік сметаға қатысты мәселелер қаралып, қатысушылардың ұсыныстары мен ескертулері талқыланды.
Қоғамдық тыңдауға сондай-ақ аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы мен мүшелері, ардагерлер кеңесінің төрайымы,аудандық мәслихат депутаттары, ауданның құрметті азкматтары, Новоишимское ауылының тұрғындары және ауданның мүдделі қызметтерінің өкілдері қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm/press/news/details/1262834?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау