Кездесуге зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А. Бабатаев, №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы М. Базарбай, сондай-ақ Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бөлімінің басшысы Г. Әбдіқалықова қатысты.
Іс-шара барысында уәкілетті органдардың өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтардың зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мүгедектікті белгілеу, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қойған сұрақтарына жауап берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1262607?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау