Астанада газ баллондарын пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда.
Басқарманың үйлестіруімен, аудандық әкімдіктер, ТЖД, МПС және өнеркәсіптік қауіпсіздік органдарымен бірлесіп, жұмыс топтары құрылып, газ жабдықтары қолданылатын нысандарға шығу жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы айда Басқарма тарапынан 23 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы 20 нұсқама беріліп, 15 әкімшілік айыппұл салынды.
Нұсқамалар талаптары орындалмаған жағдайда, материалдар мәжбүрлеп орындату үшін сотқа жолданатын болады.
Газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану бойынша бақылау жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uzh/press/news/details/1262516?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау