Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі бастапқы кәсіптік даярлыққа кандидаттарды іріктеу үдерісінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында «tjm-qabyldau.emer.kz» порталын іске қосты.
Енді қызметке үміткерлер құжаттарын онлайн тапсырып, іріктеудің барлық кезеңін қашықтан бақылап, нәтижелер туралы жедел хабарлама ала алады.
Порталдың мүмкіндіктері: – құжаттарды онлайн қабылдау; – деректердің толықтығы мен сәйкестігін автоматты тексеру; – кандидаттың жеке кабинеті арқылы іріктеу кезеңдерін бақылау; – нәтижелер туралы автоматты хабарламалар.
Жаңа цифрлық ресурс құжаттарды қабылдаудан бастап кандидаттарды қызметке қабылдауға дейінгі барлық процесті автоматтандырып, уақытты үнемдеуге, ашықтықты қамтамасыз етуге және деректердің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Егер сіз азаматтық қорғау органдарында қызмет етуді жоспарласаңыз, құжаттарыңызды ыңғайлы әрі заманауи форматта тапсыру үшін порталдың мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1262517?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау