Ағымдағы жылдың 20 шілде күні аудандық мәслихаттың мәжіліс залында аудандық мәслихат төрағасы М.Тұрабаевтың төрағалығымен және аудан әкімінің орынбасары А.Алдабергеновтың қатысуымен VIІI шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 49 сессиясы өтті. Сессия тиісті бөлім басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
- «2026-2030 жылдарға арналған Шиелі ауданының даму жоспарын бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 40/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. - Шиелі ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттары ұсыныс-пікірлерін білдіріп, аудан әкімі орынбасары мен бөлім басшысы тарапынан тиісті жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shieli/press/news/details/1262601?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау