Марракеште Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанның Мароккодағы Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Марракеш қаласында Қазақстан Республикасы Құрметті консулдығының ресми ашылу рәсіміне қатысты.

Іс-шараға сондай-ақ Марракештің жергілікті атқарушы органдарының басшылары, Марокко Парламентінің депутаттары, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері, екі елдің іскер топтары, оның ішінде Қазақстан мен Марокконың сауда-өнеркәсіп палаталары және іскер әйелдер қауымдастықтарының өкілдері қатысты.

С.Сайлауқызы құрметті консулдар институты дипломатияның ең тиімді құралдарының бірі болып қала беретінін атап өтті, бұл белгілі бір қаланың іскерлік және қоғамдық өміріне бұрыннан араласқан адамдар ғана жалпы уағдаластықтарды жергілікті жердегі нақты шешімдерге айналдыра алады. Мұндай шешімдер бизнеске жәрдемдесу, туристерге көмек көрсету немесе туындаған мәселелерді жедел реттеу түрінде болуы мүмкін екендігі аталып өтті. Марракештің таңдалуы кездейсоқ емес екенін және бұл қала Мароккодағы жетекші туристік әрі іскерлік бағыт болып қала беретіні айтылды. Бұл ретте ол өткен жылы енгізілген визасыз режимнің екі ел азаматтарының өзара сапарларының айтарлықтай артуына ықпал еткеніне назар аударды.

Марракеш қаласында жаңадан тағайындалған ҚР-дың Құрметті консулы Ю.Эсаси оған көрсетілген сенім үшін алғыс айтып, екі ел арасындағы сауда, инвестиция және іскерлік алмасу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесуге дайын екенін мәлімдеді.

Марракештегі Қазақстанның Құрметті консулдығы Касабланкадағы консулдықтан кейінгі Марокко Корольдігіндегі екінші мекеме болып табылады.

Осыған дейін Касабланка қаласында екіжақты қатынастар тарихындағы алғашқы Қазақстан-Марокко іскерлік кеңесінің отырысы өтсе, Рабат қаласында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, сауда және инвестиция бағыттары бойынша бірқатар кездесулер ұйымдастырылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1262865?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version