Медициналық-әлеуметтік сараптаманың өзекті мәселелерін қарау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 15 шілдесінде медициналық ұйымдардың дәрігерлері мен Ұлытау облысы Денсаулық сақтау басқармасының өкілінің қатысуымен кездесу өткізілді.

Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы А. Есенғұл МӘС-ке негізсіз және сапасыз жіберілетін құжаттар туралы ақпаратты жеткізді.

         Дәрігерлік-консультациялық комиссия (ВКК) төрағалары және жалпы тәжірибелік дәрігерлердің назарына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі медико-әлеуметтік сараптамаға соңғы алты айда келіп түскен әрбір 031/у  нысаны талданып, жіберілген қателіктердің негізгі себептері қарастырылды. Сонымен қатар, мұндай жағдайлардың алдағы уақытта қайталануына жол бермеу бойынша нақты ұсынымдар берілді.

Сондай-ақ дәрігерлерге сырттай медициналық-әлеуметтік куәландыруға жататын нозологиялар, оларды жолдау критерийлері және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес медициналық құжаттаманы сапалы әрі толық рәсімдеу талаптары бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-ulytau/press/news/details/1262207?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version