2026 жылдың алғашқы алты айында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі жоспарлы және жоспардан тыс бақылау іс-шараларын жүргізіп, азаматтардың әлеуметтік құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар атқарды.
Жосспардағы профилактикалық бақылау бойынша;
2026 жылдың I жартыжылдығында 3 мекемеде жоспарлы тексеру жүргізілді. Атап айтқанда:
-Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
-Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
-Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.
Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.
Жоспардан тыс тексерулер
Есептік кезеңде 4 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Жеке тұлға П. Ержігітованың өтініші негізінде «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС-не 2 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығарылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 83-бабы 1-бөлігі 1) тармақшасына сәйкес екі әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 1 730 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл белгіленген мерзімде толық көлемде төленді.
Сондай-ақ, П. Ержігітованың өтініші негізінде «Ұлытау облысы әкімдігінің Істер басқармасы» КММ-де жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша заң бұзушылықтар анықталған жоқ.
Арнайы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау
Есептік кезеңде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету қызметін лицензиялау бойынша екі өтініш қаралды:
-Жезқазған қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайдағы тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
-«Қазына Қамқор» қоғамдық қоры.
Қарау нәтижесінде екі ұйымға да оң шешім қабылданып, Комитет тарапынан тиісті лицензиялар берілді.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі алдағы уақытта да әлеуметтік заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету және көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарын жалғастырады
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-ulytau/press/news/details/1262208?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау