Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды міндетті лицензиялауды енгізудің өтпелі кезеңі аяқталуға жақын.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды міндетті лицензиялау 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді. Оның мақсаты – көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау саласында заңнамада белгіленген стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету.
Лицензиялау барысында ұйымдардың біліктілік талаптарына сәйкестігі бағаланады. Атап айтқанда, қауіпсіздік талаптарының сақталуы, объектілердің халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігі және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету шарттарының белгіленген талаптарға сәйкестігі тексеріледі.
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мемлекеттік лицензияны 617 ұйым алды.
Оның ішінде 451 коммуналдық мемлекеттік мекеме және үкіметтік емес сектордың 166 ұйымы лицензиялаудан өтті.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында шамамен 104 мың адам арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған. Қызмет алушылар қатарында қариялар, мүгедектігі бар адамдар, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының құрбандары, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар бар.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің ең кең таралған түрі – үйде әлеуметтік қызмет көрсету. Қазіргі таңда бұл қызмет түрін 60 мыңнан астам адам пайдаланады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/lspm/press/news/details/1262209?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау