МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ЗАҢНАМАЛЫҚ ТАЛАПТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✔️Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ерғали Жұмабаевтың қатысуымен мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар өтті.
✔️Жиынды аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз ашып, жүргізіп отырды. Кездесудің маңыздылығына тоқталған ол мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру, заңнамадағы өзгерістерді уақытылы меңгеру және қызметтік міндеттерді сапалы орындаудың маңызын атап өтті.
✔️Семинарға аудан әкімі аппаратының, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері, дербес бөлімдердің басшылары мен мамандары қатысты.
✔️Жиын барысында жаңа Конституцияның негізгі бағыттары мен маңызды ережелері, мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа заңнамалық талаптар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен түсіндірілді.
✔️Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының өкілі Назерке Орынбек «Жаңа Конституцияның негізгі бағыттары мен маңызды ережелері» тақырыбында баяндама жасады.
✔️Ал Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ерсұлтан Жолбарыс «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңның негізгі нормалары мен енгізілген өзгерістеріне тоқталды.
✔️Сонымен қатар Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Ләззат Нұрғалиқызы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтау және тәртіптік жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндірме берді. Ал Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Медет Төрегелді сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы жөнінде баяндама жасады.
✔️Семинар барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар мен тиісті түсіндірмелер алды.
✔️Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңнамадағы жаңа талаптарды түсіндіру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік қызметті тиімді ұйымдастыруға әдістемелік қолдау көрсету.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1262189?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version