✔️Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев аудан орталығындағы Самал мөлтек ауданында жүргізіліп жатқан абаттандыру және инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын аралады.
Көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру, балалар ойын алаңшаларын ретке келтіру және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстармен танысты. Сонымен қатар, мөлтек аудандағы кәріз жүйесінің жай-күйін көріп, инженерлік инфрақұрылымға қатысты мәселелерді назарға алды.
✔️Аудан әкімі жауапты сала басшыларына жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды, анықталған кемшіліктерді жедел жоюды тапсырды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1262190?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау