Өңірдегі қызылша бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Замзагүл Дощанова «Хабар» және «24KZ» телеарналарына сұхбат беріп, өңірдегі қызылша бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады.

Сұхбат барысында қызылшаның алдын алуда вакцинацияның маңыздылығына ерекше тоқталды. Департамент басшысының орынбасары уақытылы жүргізілген иммундау адамның өзін ғана емес, айналасындағыларды да қорғап, қауіпті инфекцияның таралуының алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Замзагүл Дощанова облыс тұрғындарын өз денсаулығына және балаларының денсаулығына жауапкершілікпен қарап, Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес вакцинациядан уақытылы өтуге шақырды. Ол вакцинацияның қызылша мен басқа да жұқпалы аурулардан қорғанудың қауіпсіз, тиімді және ғылыми тұрғыдан дәлелденген әдісі екенін ерекше атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1262812?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version