Павлодар ауданында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар ауданында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді.
Білім беру ұйымдарын 2026–2027 оқу жылына дайындау аясында Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары Павлодар ауданының КММ «Луганск жалпы орта білім беру мектебіне» барды.
Мониторинг барысында білім беру ұйымының жаңа оқу жылының басталуына дайындығы бағаланды. Атап айтқанда, материалдық-техникалық базасының жай-күйі, қауіпсіздік талаптарының сақталуы, санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың орындалуы және мектеп инфрақұрылымының дайындығы қаралды.
Тексеру нәтижесі бойынша мектеп ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны анықталды.
Білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізу – білім алушылар үшін заманауи, қауіпсіз әрі қолайлы жағдайлар жасауға, сондай-ақ білім беру ұйымының инфрақұрылымын жаңартуға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі.
Мониторинг қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға жөндеу жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету және орындалу мерзімдерін сақтау бойынша ұсынымдар берілді. Департамент білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығын бақылауды жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1262712?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version