Қарағанды облысы бойынша Омбудсмен өкілі Қайрат Бейсенбеков Ұлттық алдын алу тетігі Үйлестіру кеңесінің мүшелерімен жұмыс кездесуін өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қарағанды облысы бойынша Омбудсмен өкілі Қайрат Бейсенбеков Ұлттық алдын алу тетігі Үйлестіру кеңесінің мүшелерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесуге қатысушылар Ұлттық алдын алу тетігі мүшелерінің өзара іс-қимылы, мониторингтік қызметті жетілдіру, практикалық тәжірибе алмасу, сондай-ақ мандатты мекемелердегі адамдардың құқықтарын қорғаудың неғұрлым тиімді тәсілдерін айқындау мәселелерін қарады.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар бірлескен жұмысты одан әрі дамыту бойынша ұсыныстармен алмасты, өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын айқындады және Қарағанды облысындағы Ұлттық алдын алу тетігінің міндеттерін одан әрі іске асыруға дайындығын растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-karaganda-oblysy/press/news/details/1262713?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version