Павлодарда қолжетімді әрі инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған Халықаралық волонтерлер форумы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Павлодар қаласында EduBridge: Global Volunteer Forum for Inclusive Learning Халықаралық волонтерлер форумы басталды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ жариялаған Халықаралық волонтерлер жылы аясында ұйымдастырылып отыр.

Форумға Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген сарапшылар, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, білім беру мекемелерінің және волонтерлік ұйымдардың өкілдері қатысып жатыр.

Халықаралық форумның басты мақсаты – қолжетімді әрі инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған волонтерлік қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, озық тәжірибемен алмасу. Сонымен қатар Қазақстанда инклюзивті волонтерлікті дамытуға қатысты нақты ұсыныстар әзірлеу көзделген.

Үш күнге жалғасатын форум барысында инклюзивті білім беруді дамытудың заманауи тәсілдері, балалар мен жастарды қолдаудағы волонтерлердің рөлі, әлеуметтік жобаларды іске асырудағы халықаралық тәжірибе, психологиялық қолдау көрсету және инклюзивті ортада жұмыс істейтін волонтерлерді даярлау мәселелері талқыланады. Цифрлық шешімдерді пайдалану мен үздік тәжірибені өңірлерде қолдану жолдары да қарастырылады.

Форум барысында панельдік пікірталастар, волонтерлік жобалардың таныстырылымдары, тренингтер, тақырыптық экскурсиялар және экологиялық тимбилдинг өтеді.

Іс-шара қорытындысында 2027-2028 жылдарға арналған инклюзивті волонтерлікті дамыту жөніндегі кешенді шаралар әзірлеу, электрондық жинақ шығару және жаңа бірлескен әлеуметтік бастамаларды ұйымдастыру жоспарланып отыр.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1262737?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version