Орал қаласы әкімінің орынбасары Азамат Халелов жауапты бөлімдердің мамандарымен бірлесіп қала тұрғындарын жеке қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар жер теліміне кезекке тұру, кәсіпкерлік қызметке қатысты мәселелер, Зачаган кенті аумағындағы автотұрақтардың жай-күйі, саяжай аумақтарындағы дамбаларға қатысты сұрақтар және өзге де әлеуметтік маңызы бар мәселелерді көтерді.
Әрбір тұрғынның өтініші мұқият тыңдалып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1262567?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау