Қостанай – Қарабұтақ жолы жөнделіп жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Мердігер компания жол құрылысының қарқынын арттыру үшін күндіз-түні жұмыс режіміне көшпек.
Көлік жүргізушілері мен жолаушылардың сынына жиі ұшырайтын Қостанай – Қарабұтақ республикалық маңызы бар автомобиль жолының 185–234 шақырымы аралығын жөндеу жалғасып жатыр. Мердігерлер жолдың шамамен 4 шақырымына ірі түйіршікті асфальт-бетон жабынының үстіңгі қабатын төсеп тастады. Жолшылар асфальттың қалыңдығын 12 сантиметрге дейін жеткізеді.
Ең маңыздысы – ұзындығы 49 шақырымды құрайтын учаскеде жол жамылғысы толық жаңартылады.
Жобаның тапсырыс берушісі – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, ал жөндеу жұмыстарына «Астана Дорстрой» ЖШС жауапты.
Аудан әкімі Дәулетияр Тоғызбаев құрылыс алаңына барып, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Мердігер ұйым өкілдерімен кездесуде жұмыстың сапасы, қарқыны және белгіленген мерзімде аяқталуы басты талап екені айтылды.
Мердігер ұйым жөндеу қарқынын арттыру мақсатында жұмыс көлемін ұлғайтып, қажет болған жағдайда тәулік бойы, күндіз-түні жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.
Шілде айында басталған жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес қазан айында толық аяқталуы тиіс.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher/press/news/details/1261956?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version