Қостанай – Қарабұтақ жолы жөнделіп жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Мердігер компания жол құрылысының қарқынын арттыру үшін күндіз-түні жұмыс режіміне көшпек.
🛣️ Көлік жүргізушілері мен жолаушылардың сынына жиі ұшырайтын Қостанай – Қарабұтақ республикалық маңызы бар автомобиль жолының 185–234 шақырымы аралығын жөндеу жалғасып жатыр. Мердігерлер жолдың шамамен 4 шақырымына ірі түйіршікті асфальт-бетон жабынының үстіңгі қабатын төсеп тастады. Жолшылар асфальттың қалыңдығын 12 сантиметрге дейін жеткізеді.
✅ Ең маңыздысы – ұзындығы 49 шақырымды құрайтын учаскеде жол жамылғысы толық жаңартылады.
🏗️ Жобаның тапсырыс берушісі – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, ал жөндеу жұмыстарына «Астана Дорстрой» ЖШС жауапты.
🔹 Аудан әкімі Дәулетияр Тоғызбаев құрылыс алаңына барып, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Мердігер ұйым өкілдерімен кездесуде жұмыстың сапасы, қарқыны және белгіленген мерзімде аяқталуы басты талап екені айтылды.
📌 Мердігер ұйым жөндеу қарқынын арттыру мақсатында жұмыс көлемін ұлғайтып, қажет болған жағдайда тәулік бойы, күндіз-түні жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.
📅 Шілде айында басталған жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес қазан айында толық аяқталуы тиіс.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher/press/news/details/1261956?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді