Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 114-бабына сәйкес алдын ала кедендік декларациялау кезінде шетелдік тауарларға арналған декларация тауарлар ЕАЭО кедендік аумағына әкелінгенге дейін немесе кедендік транзит кедендік рәсімі қолданылған жағдайда, олар жеткізу орнына жеткізілгенге дейін беріледі.
Алдын ала кедендік декларациялау кезінде кейіннен нақтылануы мүмкін мәліметтер:
тауарлар тасымалданатын көлік құралдары туралы (көлік түрі туралы мәліметтерді қоспағанда);
кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын жекелеген құжаттар туралы;
Еуразиялық экономикалық комиссия айқындайтын өзге де мәліметтер.
Алдын ала декларациялау кезінде мәлімделмеген немесе нақтылауды қажет ететін мәліметтер тауарлар шығарылғанға дейін кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен өзгертілуге (толықтырылуға) тиіс.
Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлар ЕАЭО кедендік аумағына әкелінгеннен кейін немесе жөнелтуші кеден органы айқындаған жеткізу орнына жеткізілгеннен кейін кедендік декларацияда көрсетілген кедендік бақылау аймағында орналастырылуға тиіс. Ал су көлігімен жеткізілетін тауарлар кедендік декларацияда көрсетілген келу орнында болуы қажет.
Алдын ала кедендік декларациялау кедендік ресімдеу уақытын қысқартып, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға құжаттарды алдын ала рәсімдеуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1262911?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау