Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы инспекторларының қатысуымен «Оңтүстік-Газ» ЖШС газ нысанында қауіпсіздік шаралары пысықталды.
Іс-шара Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес ұйымдастырылды.
Негізгі мақсат – персоналдың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл дайындығын тексеру, аварияларды жою бойынша практикалық дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ өндірістік нысандағы өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
Шара барысында газ резервуарлары паркінде өрт туындаған жағдайда қызметкерлердің әрекет ету алгоритмдері қарастырылып, апат туралы хабарлау, арнайы қызметтермен өзара байланыс орнату, өртті оқшаулау және оның салдарын жою бағытындағы жұмыстар пысықталды.
Мұндай іс-шаралар өндірістік қауіпсіздік деңгейін арттыруға, қызметкерлердің төтенше жағдайларға дайындығын жетілдіруге және ықтимал авариялардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/1262912?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау